Атырау, 29 наурыз 16:29
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Ау құралын навигатормен тауып алды

3 630 просмотра

24 қыркүйекте жануарлар дүниесі инспекциясы мен «Ақжайық» резерватының қызметкерлері бірлескен рейд кезінде резерват аумағынан Дамбы ауылының екі тұрғыны мінген қайықты ұстады. Қайықтан 656 кг қара балық пен «Гармин» спутниктік навигаторы табылды.

Ұсталғандар - балық аулау кооперативінің бірінің жұмысшылары, олар екі құқық бұзушылық жасаған: біріншіден, тыйым салынған қорық аймағынан балық аулаған, екіншіден, тыйым салынған балық аулау құралдарын (Қытайда жасалған нейлон торларын) қолданған. Айтпақшы, торларды рейдке қатысушылар балықшылардан тәркіленген «Гарминнің» көмегімен тапты.

43 және 27 жастағы ұсталғандарға қатысты материалдар полицияға берілді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

24 қыркүйек 2020, 15:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.