Атырау, 29 наурыз 14:59
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Маңғыстауда ауысатын газ құбырының үстінен жол төселген

2 677 просмотра

Маңғыстау облысының Аташ ауылындағы көшелердің бірінде жол төсеу барысындағы орын алған келеңсіздікке байланысты Түпқараған аудандық әкімдігі түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап. 

2020 жылдың 23 қыркүйегі күні сағат 18:30 шамасында ауылішілік жол құрылысымен айналысушы мердігер мекеме "Бек-АқтауГазСнаб" ЖШС тарапынан жұмыс аяғында бақылаушы жауапты тұлғаның болмауына байланысты алдағы уақытта ауыстырылуға жататын газ құбырының үстінен асфальт жолын төсеп кеткен.

"Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жеткізгеновтың газ құбырының қорғау аймағына жататын 5 метр (екі жағынан 10 метр) жерді қалдырып кету туралы алдын-ала ескертуіне қарамастан, мердігер мекеме тарапынан өрескел қателікке жол берілген. Осыған байланысты мердігер мекеме сол түні төселген асфальт жабындысын алып тастады.
Мердігер мекеме кеткен қателіктері үшін жауапкершілікті толығымен өз мойындарына алды. Аталған жұмыстарды қалпына келтіру мердігер мекеме тарапынан жүргізіледі. Сондай-ақ, "ҚазТрансГазАймақ" АҚ-тың алынған техникалық шарт талаптарына сәйкес газ құбыры ауыстырылады", - делінген хабарламада.
24 қыркүйек 2020, 15:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.