Атырау, 20 сәуір 11:41
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Малын түгендеймін деп, жоғалып кетіп, табылды

Толықтырылды
4 100 просмотра

Атырау облысында облыс орталығының 42 жастағы тұрғыны іздестіріліп жатыр.

Индер аудандық полиция бөлімшесінде хабарлағандай, ер адам қасындағы екі таныс жігітпен бірге Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауылынан жалдап алған автокөліктермен сиыр алып келуге шығады. Кері қайтарда КамАЗ-дар балшыққа тап болып, жүкпен жүре алмағасын, амалсыздан жүздеген сиырды сол жерге түсіріп алады. Малдың жаңа иелері айдалада оларды игере алмай, мал бытырап кетеді. 20 қыркүйекте оларға көмекке «Көкат» ШҚ басшысының көмекшісі келеді, бірақ әлгі көмекші адасып кетеді. Ол екі күннен соң Батыс Қазақстан облысының аумағынан аман-есен табылады.

Сиырларды жинамақ болған 42 жастағы атыраулық қасындағы жолдастарынан бөлініп қалып, ол да айдалада жоғалып кетіп, табылмай жатыр. Индер аудандық полиция бөлімшесінің бастығы Берік ЖАНҰЗАҚОВТЫҢ айтуынша, АПБ мен ТЖД қызметкерлері іздестіруде. Әзірге нәтиже жоқ.

Бүгін, 24 қыркүйекте, кешке, ер адам өзінің 140 сиырымен бірге аман-есен «Көкат» шаруа қожалығынан табылды. Ақыр соңында, малын түгендеп жинап алыпты. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

24 қыркүйек 2020, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.