Атырау, 28 наурыз 22:21
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Білім министрлігі жаңа оқу жылындағы жаңашылдық туралы айтты

3 210 просмотра

1 қыркүйектен бастап мектептегі тоқсандық баға қалай есептелінетіні айтылды. Білім және ғылым министрлігі 2020-2021 оқу жылында оқушылардың оқу жетістігін бағалауға өзгерістер енгізді. Бұл жайында "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығының бөлім басшысы Айман Құсайынова ата-аналарға арналған вебинарда хабарлады.

"Қалыптастырушы бағалау енді күн сайын ұпаймен есептеледі. Бір рет бөлім бойынша жиынтық бағалау өтеді. Бөлім бойынша жиынтық бағалау мұғалімге байланысты болады. Тоқсандық бағалау енді 50% тоқсандық жиынтық бағалау, 25% бөлім бойынша жиынтық бағалау және қалған 25% дәстүрлі бағалау арқылы қойылады", - деп түсіндірді Құсайынова.

Айта кетейік, 1 қыркүйектен бастап республика мектептерінде сабақ қашықтан оқу форматында басталады. Сондай-ақ, бастауыш сыныптар үшін кезекші сыныптар ұйымдастырылады. Бұл сыныптарға оқушылар ата-анасының өтініші бойынша қабылданады.

Оқу бірнеше ауысыммен өтеді. Бір сынып тек бір кабинетте оқиды. Үзіліс әр сыныпқа түрлі уақытта соғылады. Кейбір пәндер қашықтан оқытылады. 

Ата-аналар балаларын мектепке алып келеді, алайда оқу орнына кіруге рұқсат жоқ.

Дереккөз: sputniknews.kz

13 тамыз 2020, 18:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.