Атырау, 28 наурыз 22:04
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Шри-Ланкада бір отбасынан төрт адам министр болды

2 430 просмотра

Шри-Ланкада үш бауыр және сол бауырлардың біреуінің баласы министр болды, - деп хабарлайды Reuters.

Шри-Ланка президенті Готабайя Раджапакса сәрсенбі күні өзінің ағасы Махинда Раджапакса төрағалық ететін министрліктер кабинетінде қызметке тағайындалған тағы екі туысының есімін айтты.

Енді кабинеттің 26 мүшесінің төртеуі Раджапакса отбасынан. Сондай-ақ президенттің уәкілеттігінде қорғаныс министрі лауазымы қалды, ал оның үлкен ағасы қаржы, қаланы дамыту және будда істері жөніндегі министр болды.

Тағы бір ағасы Шамаль Раджапакса ирригация министрі болып тағайындалды. Ал премьер-министрдің баласы Намал Раджапакса жастар ісі және спорт министрі болды.

Ал 71 жастағы Готабайя Раджапакса өткен жылдың қарашасында Шри-Ланка президенті болды. 

Дереккөз: Тengrinews.kz

13 тамыз 2020, 15:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.