Атырау, 28 наурыз 17:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Алматы облысының бас санитар дәрігерінің сөзіне қатысты қызметтік тексеріс басталды

Бейнежазба
2 526 просмотра

Ерғали Сыдыманов бір күн бұрын ғана Алматы облысының бас санитар дәрігері болып тағайындалды. Соған қарамастан оның айтқан сөзіне қатысты қызметтік тексеріс басталды, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Алматы облысының бас санитар дәрігеріне қатысты қызметтік тергеу жүргізіледі, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.

"Бүгін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Талдықорған базарының кәсіпкерлерімен кездесу кезінде Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов қала тұрғындарына өте дөрекі сөйлеп жатқаны туралы видеоны көрді. Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы азаматтардың ашулануы орынды және мемлекеттік қызметкер мұндай мінез көрсетпеуі керек деп санайды", - деп жазды Қожахметов Facebook-тегі парақшасында.

Денсаулық сақтау министрі Алматы облысының бас санитар дәрігеріне қатысты қызметтік тергеуді бастауды тапсырды. Оның нәтижесі туралы халыққа хабарланады.

Видеода облыстық бас санитар кәсіпкерлердің бірімен әңгімелесу барысында сауда үйлерін, азық-түлік емес базарлар мен автобөлшектер сататын дүкендерді ашу туралы өтінішке дөрекі жауап берген.

"Мен саған қызмет етпеймін. Бала-шағаны асырау керек, кредит бар екенін түсінемін. Болды, басымды қатырмаңдар. Сен неге түсіріп тұрсың, содан кейін осындайлардың кесірінен бәрі басталады", - дейді Сыдыманов.

Шенеуніктің сөйлеген сөзі адамдардың наразылығын тудырды.

13 тамыз 2020, 12:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.