Атырау, 19 сәуір 13:29
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Ауруханаларда оттегі көбейеді

3 457 просмотра
Көрнекі сурет

Атырау облыстық ауруханасында медициналық мекемеге оттегі пункттерінің санын 300-ге дейін көбейтуге мүмкіндік беретін оттегі цехы салынуда. Цех құрылысы қыркүйектің соңына таман аяқталады деп жоспарлануда.

- Бұған дейін бізде оттегі беретін 60 нүкте болған еді. Бірақ эпидемиологиялық ахуал ушыққан соңғы айларда бұл аздық етті. Салынып жатқан оттегі цехы аурухананы оттегі тарататын 300 нүктеге дейін қамтамасыз етеді. Оның 260 нүктесін жаңа ғимаратқа орнату жоспарланып отыр, - дейді Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері Ербол ИМАНҒАЛИЕВ. - Қондырғы оттегіні дербес өндіреді. Осылайша, оттегі балондарын тасымалдауға қажеттілік болмайды. Қазіргі уақытта провизорлық стационарларға оттегі балондары тасымалданып жатқан жоқ. Себебі, коронавирус инфекциясымен емделіп жатқан науқастар саны азайды.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек ҚАБДЫҚАПАРОВТЫҢ айтуынша, оттегі цехын облыстық кардиология орталығында және облыстық №2 ауруханасында салу жоспарланған.

- Ең алдымен оттегі желісінің күші қанша науқасқа жететінін, тиімділігін жан-жақты ойластырудамыз. Махамбет ауданындағы 100 кереуеттік жұқпалы аурулар стационарында 12 оттегі нүктесі тартылған, алдағы уақытта олардың санын көбейтуді жоспарлап отырмыз. Бұдан басқа, Құрманғазы ауылындағы орталық аурухананың жанында салынып жатқан жаңа ғимаратқа да оттегі жүйесі толықтай тартылады. Одан кейін Қызылқоға, Мақат, басқа да аудандарға оттегі желісін тартуды жоспарлап отырмыз, - деді Н.Қабдықапаров.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА 

12 тамыз 2020, 17:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.