Атырау, 20 сәуір 02:18
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Нұр-Сұлтанда оқушыларға 40 мың теңгеден беріледі

3 410 просмотра

Елордада жаңа оқу жылы қарсаңында тұрмысы төмен отбасынан шыққан әрбір оқушы мектеп құралдарын сатып алу үшін 40 мың теңгеден алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, елордада жалпы 17 мың балаға көмек көрсетіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,3 мың балаға артық. Былтыр мектеп құралдарын сатып алуға әрбір оқушыға бөлінген сома 30 мың теңге болған. Биыл осы көмек 40 мың теңгеге дейін көбейіп отыр.

"Егер отбасында, мысалы, 3-4 баладан болса, онда әр балаға 40 мың теңгеден бөлінеді. Оған бюджеттен 680 миллион теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Сонымен қатар, тұрмысы төмен отбасыларға басқа да әлеуметтік көмек көрсетіледі", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов "Астана" арнасына берген сұхбатында.

Бұдан бөлек, әлеуметтік осал санаттағы оқушылар қашықтан білім алуға қажетті компьютермен қамтылады. Оған 6 миллиард теңге бөлінеді.

"Осылайша, осы санаттағы барлық баланы компьютермен және роутермен қамтамасыз етеміз. Олар – тұрмысы нашар отбасының балалары, ерекше қажеттіліктері бар балалар, жетім балалар, көпбалалы отбасылар. Жалпы 34,5 мыңға жуық бала қамтылады", - деп түйіндеді Көлгінов.

12 тамыз 2020, 17:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.