Атырау, 24 сәуір 01:12
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцинаны қашан сатып алады? Министрлік жауабы

2 445 просмотра

Қазақстан COVID-19 вирусына қарсы вакцинаны клиникалық зерттеулердің барлық кезеңінен өтпейінше сатып алмайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қоджахметов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Коронавирусқа қарсы вакцина барлық халықаралық сертификаттаудан өткенде ғана сатып алынады. Сарапшыларымыздың айтуынша, әлемдегі үздік зертханалар үшінші кезеңде (вакцинаны дайындау бойынша - ескерту) екен. Алда тағы төртінші кезең бар. Бірақ бұған әлі ешкім жеткен жоқ. Осыдан кейін ғана халықаралық сертификаттаудан өту басталады. Оның қандай елде және қандай зертханада өтетіні әлі белгісіз", - деді Қоджахметов.

Ол Қазақстанның коронавирусқа қарсы вакцинаны сатып алу бойынша басқа елдермен уағдаластығы жоқ екенін атап өтті.

"Вакцина клиникалық зерттеулердің барлық кезеңінен өтпейінше Қазақстан оны сатып алмайды. Қазақстан тек барлық халықаралық сертификаттаудан және тексерістен өткен вакцинаны сатып алады. Бірақ қазіргі таңда әлемде ондай вакцина жоқ", - дейді ресми өкіл. 

Айта кетейік, осыған дейін Ресей COVID-19-ға қарсы вакцина жасағанын айтқан еді. Бұл туралы РФ президенті Владимир Путин мәлімдеген болатын.

12 тамыз 2020, 12:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.