Атырау, 18 сәуір 06:25
 ашықВ Атырау +23
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 30 адам қайтыс болды

2 443 просмотра

Қазақстанда соңғы тәулікте коронавирус пен пневмониядан 30 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Айта кеткен жөн, 1 тамыздан бастап елімізде коронавируспен бірге оған ұқсас пневмонияның статистикасы да қатар жүргізіледі. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, республика бойынша бір тәуліктің ішінде коронавирус жұқтырған 691 адам анықталған. 22 науқас қайтыс болды. Жалпы, ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен науқастардың саны 100 855-ке жетті. Барлығы 1 313 адам көз жұмды.

Ал коронавирустық пневмониямен соңғы тәулікте 1 423 адам тіркелді. Қайтыс болғандардың саны 8 адамды құрап отыр. 1 тамыздан бері осы диагнозбен 14 760 адам тіркелсе, 181 науқас көз жұмды.

"Жалпы науқастардың арасында 419 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 101 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 94 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған", - деді министрлік мамандары.


12 тамыз 2020, 11:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.