Атырау, 19 сәуір 21:06
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Беларусьтегі тәртіпсіздік: ұсталған және зардап шеккендер туралы ақпарат шықты

2 535 просмотра

Беларусь Ішкі істер министрлігі ел президентін сайлауда Александр Лукашенконың жеңісінен кейін наразылық шараларынан зардап шеккендер мен ұсталғандардың санын жариялады. Мәлімет ведомство баспасөз қызметінің Telegram-каналында шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік таратқан хабарға қарағанда, екі мыңға жуық адам ұсталған және қарулы күштерден 21 адам зардап шегіп, бесеуі ауруханаға жатқызылған. Наразылық шараларына шығып, зардап шеккендер туралы ақпарат айтылмайды.

Еске салайық, 9 тамызда Беларусь тарихында алтыншы рет президент сайлауы өткен еді. Бұл жолғы сайлауда негізгі бес үміткер болған. Елде сайлау учаскелері жабылғаннан кейін жаппай тәртіпсіздіктер басталған. Жергілікті халық сайлаудың алдын ала нәтижесіне наразы болған. 


11 тамыз 2020, 16:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.