Атырау, 20 сәуір 10:23
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Ресейде коронавирусқа қарсы вакцина тіркелді

2 598 просмотра

Ресей коронавирусқа қарсы вакцинаны тіркеді, деп мәлімдеді Владимир Путин, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.

"Ресей әлемдегі тұңғыш коронавирусқа қарсы вакцинаны тіркеді. Менің білуімше, вакцина бүгін таңертең тіркелді, жаңа коронавирустық инфекцияға қарсы әлемдегі тұңғыш вакцина тіркеліп отыр", - деді ол үкімет мүшелерімен өткізген кеңес барысында.

Путиннің сөзінше, бұл вакцина айтарлықтай тиімді әсер береді, тұрақты иммунитет қалыптастырады және барлық қажетті сынақтар мен тексерулерден өткен.

11 тамыз 2020, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.