Атырау, 25 сәуір 03:58
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Ақтауда әскери қызметшінің парашюті ашылмай қалды

2 827 просмотра

Ақтау қаласында парашюті толық ашылмаған әскери қызметші ауыр жарақат алды. Оқыс оқиға 2020 жылдың 5 тамызында болды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

"Жерден берілген командаларға парашютші жауап бермеді, қосалқы парашютті пайдаланбай, салдарынан жерге қатты түсті", - делінген хабарламада.

Зардап шеккен әскери қызметшіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Ол Ақтау қаласының медициналық мекемесіне жедел жеткізілді.

8 тамыз күні дәрігерлер хирургиялық ота жасады. Әскери қызметшінің жағдайы ауыр.

Парашютпен секіру қолайлы метеорологиялық жағдайларда жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес орындалған. Әскери қызметшілермен секірер алдында қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде нұсқаулық өткізілген. 

Оқиғаның себебін анықтау бойынша қызметтік тергеу басталды.  

Дереккөз: sputniknews.kz

11 тамыз 2020, 13:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.