Атырау, 29 наурыз 20:52
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Атырауда түнгі төбелесте чемпион қаза тапты

Толықтырылды
4 773 просмотра

«АЖ»-ға белгілі болғандай, 9 тамызға қараған түні Дамбы мен Құрманғазы ауылдарының жігіттері арасындағы төбелес кезінде белгілі атыраулық спортшы, грэпплингтен Азия чемпионы Есенбек Сиғуатов қаза тапты. Ол жүрегіне тиген оқтан қайтыс болды. Бір апта бұрын ол 18 жасқа толған еді.

Атырау облысының полиция департаменті бұл оқиға туралы әзірге түсінік берген жоқ. Сондай-ақ, оны өлтіруші ұсталды ма, жоқ па, ол да белгісіз. Ал жергілікті тұрғындардың айтуынша, келесі күні Дамбыда полицейлер рейд жүргізген.

Осы жарияланымнан кейін полиция департаментінің баспасөз қызметі комментарий берді:

- Полиция қызметкерлері із суытпай осы қылмысқа күдіктіні анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Фархат ӘБІЛОВ

11 тамыз 2020, 13:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.