Атырау, 29 наурыз 01:01
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Жолдағы шұңқыр

3 711 просмотра

Қатты жауынның салдарынан «Атырау-Индер» тас жолының Атырау бағытынан 98\72 шақырым жерде, яғни Махамбет ауданы Ақжайық ауылдық округіне қарасты «7 ауыл»  учаскесі тұсындағы жолдың шеті қопарыла ойылып қалды. Мұны жергілікті жол патрульдік полициясы анықтап, сақтық шараларын ұйымдастырған.

Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Зұлқарнай МҰҚАШ:

- Бізде соңғы күндері ұзақ жаңбыр болды. Ақыры, тышқан немесе саршұнақтың іні пайда болып, ол жаңбыр суымен толығып, бос топырақ ішіне құлаған. Енді оны бітеу үшін шебен тиеген көліктер келе жатыр. Тез қалпына келтіріледі.  Бұл жол облыстық ТКШ және автомобиль жолдары басқармасының балансында.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Сурет әлеуметтік желіден алынды

7 тамыз 2020, 18:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.