Атырау, 24 сәуір 17:24
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Тоқаев Есімовті Ақордада қабылдады

2 714 просмотра

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады.

Кездесу барысында мемлекет басшысына "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының" пандемиямен күрес кезіндегі қызметі жайында баяндалды, деп хабарлайды Ақорда.

Есімов қордың биыл наурыз айында дәрігерлерге, полиция және әлеуметтік сала қызметкерлері үшін 6 миллион бетперде алуға қаржы бөлгенін айтты.

"Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасы президентке компанияның денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе атқарған жұмысы туралы мәлімет берді. Бірлескен іс-әрекеттің нәтижесінде қор қаржысына 100 жедел-жәрдем көлігі, 1000 оттегі концентраторы, 50 өкпені жасанды желдету аппараты, 1000 ипульстік оксиметр және 3000 вирусқа қарсы "Авифавир" дәрісі сатып алынған.

Ахметжан Есімов қор Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында салынатын жұқпалы аурулардың алдын алу және бақылау бойынша емханалардың құрылысына қаржы бөлетінін жеткізді.

Қор төрағасы президентке Ресеймен бірлесіп қолға алынған коронавирусқа қарсы вакцина өндіру жоспары жайында айтты.

Кездесуде "Самұрық-Қазына" қорына қарасты компаниялардың қазіргі жағдайы да талқыланды. Ахметжан Есімов биыл үкіметке 120 миллиард теңге көлемінде дивиденд төленетінін, мұның 2017 жылмен салыстырғанда он есе көп екенін айтты.

Бұған дейін "Самұрық-Қазына" ұлттық қорға 50 миллиард теңге қаржыны мерзімінен бұрын аударған болатын.

Дереккөз: sputniknews.kz

7 тамыз 2020, 17:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.