Атырау, 28 наурыз 23:40
 бұлттыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Алматыда 2 жедел жәрдем жүргізушісі коронавирустан қайтыс болды

3 113 просмотра

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров жедел жәрдем қызметінің 2 жүргізушісі COVID-19 вирусынан қайтыс болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматыда медицина қызметкерлері арасында адам өлімі тіркелген жоқ. Өкінішке қарай, жедел жәрдем қызметінің 2 жүргізушісі коронавирустан қайтыс болды. Сондай-ақ, орталық қалалық клиникалық ауруханасында лифтіде жұмыс істейтін бір қызметкер көз жұмды. Қайтыс болғандарға 10 миллион теңге көлемінде өтемақы төленеді", - деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетейік, Алматыда 12 995 адам COVID-19 жұқтырған. 7 965 науқас дертінен айықты, 164 адам қайтыс болды.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 96 922-ге жетті. 70 680 науқас жазылды, 1 058 адам аурудан көз жұмды.

7 тамыз 2020, 17:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.