Атырау, 29 наурыз 16:12
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Ұлттық ұланның лауазымды қызметкері ұсталды – видео

Бейнежазба
3 238 просмотра

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық ұланның лауазымды тұлғасын ұстағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының №52859 әскери бөлімі командирінің орынбасарын құрықтады.

"Ол жанар-жағармай материалдарын заңсыз иемдену арқылы мүлікті жымқырғаны үшін айыпталып отыр. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, тергеу мүдделеріне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", - делінген ресми хабарламада.

Агенттік лаузымды тұлғаны ұстау операциясының видеосын да жариялады. Одан қыруар қаржының тәркіленіп жатқанын көруге болады.


7 тамыз 2020, 16:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.