Атырау, 29 наурыз 01:50
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Алматы облысында базар сатушылары әкімдік алдында жиналды

Бейнежазба
2 327 просмотра

Алматы облысында бүгін, 7 тамызда аудан әкімдігі ғимаратының алдында сатушылар жиналды. Тұрғындар барлық базарға жұмыс істеуге рұқсат беруді талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео kris_p_talgar парақшасында пайда болды. Жазба авторы базар сатушылары Талғар ауданы әкімдігінің ғимаратына қайта жиналғанын хабарлады.

Талғар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі өкілі бұл ақпаратты растады. Базар сатушылары бүгін, 7 тамызда әкімдік ғимаратына жиналған. 

"Жиналған адамдарға аудан әкімінің орынбасары Дәркен Нұржанов және СЭС өкілдері (Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті - автор) шықты. Олар сатушыларға облыстың бас санитар дәрігерінің 2020 жылғы 6 тамыздағы соңғы қаулысына сәйкес барлық жабық азық-түлік базары мен азық-түлік емес базарлардың қызметі тоқтатылатынын түсіндірді. Онлайн жеткізуден басқа барлық азық-түлік емес дүкен жабылады", - деді аудан әкімдігінің баспасөз қызметі өкілі.

Ведомстводағылар мұндай қатаң шаралар 17 тамызға дейін қолданылатынын атап өтті.

"Ешкімге рұқсат берілмейді. Мұның бәрі аудан тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жасалып отыр", - деп атап өтті әкімдік өкілі.

Алматы облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі де жеңілдіктер болмайтынын атап өтті. Алайда мерзімі нақтыланбады.

7 тамыз 2020, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.