Атырау, 20 сәуір 11:28
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

2 миллионнан аса қазақстандыққа коронавирусқа қарсы вакцина тегін беріледі

2 443 просмотра

2 миллионнан аса қазақстандыққа COVID-19-ға қарсы вакцина тегін беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Facebook желісіндегі парақшасында мәлімеді. 

"2 182 000 азаматқа COVID-19-ға қарсы вакцина тегін беріледі", - делінген хабарладама. 

Айта кетейік, қыркүйекте қазақстандық вакцина адамдарға сынала бастайды. Бұл туралы ветеринария ғылымдарының докторы және коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны әзірлеуші Лесбек Күтімбетов мәлімдеген болатын.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты наурыздың соңында алғашқы вакцинаны әзірлеуді бастаған болатын. Күтімбетов әзірленген вакциналар бірнеше түрге бөлінетінін айтты: белсенді емес вакцина, қосалқы вакцина, екі векторлы вакцина, тірі вакцина. Маман вакцинаны өзіне де салдырғанын, ешқандай кері әсер болмағанын айтады. 

6 тамыз 2020, 15:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.