Атырау, 24 сәуір 05:06
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Ливандағы жарылыс: Қазақстанның дипломатиялық миссиясы ғимаратына зиян келді

Бейнежазба
2 946 просмотра

Ливандағы жарылыс салдарынан Қазақстанның дипломатиялық миссиясы ғимаратына зиян келді. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап хабарлайды

Ливандағы қазақстандық дипломаттардың ақпараты бойынша, ағымдағы жылғы 4 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00 шамасында Бейруттағы теңіз портының базасында бірнеше қатты жарылыс болды. Жақын маңда орналасқан үйлерде, сондай-ақ жарылыс эпицентрінен бірнеше шақырым жерде орналасқан ғимараттарда терезелері шағылды. Жергілікті биліктің алдын-ала ақпараты бойынша, теңіз портында пиротехникасы бар кеме жарылған. 

Жарылыс салдарынан Ливандағы ҚР дипломатиялық миссиясының ғимаратына зиян келтірді. Жарылыс кезінде дипломатиялық миссияның қызметкерлері жұмыс күні аяқталғаннан кейін жұмыс орнынан кетіп қалған. 

Консул жұмыста қалған болатын және жарылыс толқыны салдарынан жеңіл жарақат алды. Біздің дипломаттар жергілікті билік органдарымен жедел байланыста, Ливандағы Қазақстан Республикасы азаматтарының жағдайы туралы ақпарат тексерілуде. 

Ливан астанасы Бейрут қаласындағы жойқын жарылыс кезінде қаладағы көптеген ғимаратқа зақым келіп, көбісінің терезесі қирап қалды.


4 тамыз 2020, 23:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.