Атырау, 19 сәуір 09:07
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Атырауда коронавирустан емделіп шыққандар саны 72 пайызға жетті

2 794 просмотра

«Қазіргі уақытта Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың 72 пайызы емделіп шыққан. Яғни, КВИ сырқатымен тіркелген 10 383 науқастың бүгінде 7458-і құлан таза сауығып шыққан» деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

«Бірақ, бұл нәтижеге босаңсуға болмайды. «Екінші толқынға» дайындықты күшейтуіміз керек. Дәрі-дәрмек, басқа да ұйымдастыру шараларын қабылдауымыз қажет.

Онымен бірге ауруханалардағы жоспарлы емдеуді үш-төрт күнде бастаймыз. Тек қана коронавирус емес, басқа да есепте тұратын науқастар күнделікті емін алуы тиіс» деді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.

Еске сала кетелік, қазіргі уақытта Атырауда 1170 инфекциялық кереует, 787 провизорлық кереует бар.

4 тамыз 2020, 19:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.