Карантин браконьерлердің де сағын сындырған ба?

777 рет қаралды
"АЖ" архивінен алынған көрнекі сурет

Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 9 тоннадан астам балық (оның ішінде 999 кг бекіре тұқымдас), 284 балық аулау және екі жүзу құралдары тәркіленді. Бұл ретте браконьерлік әрекеттердің азайғаны байқалады.

Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВТІҢ айтуынша, осындай оң нәтижеге бірқатар факторлар, соның ішінде браконьерлік үшін қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату, сондай-ақ атыраулықтардың шектеу шараларын сақтау бойынша карантин шеңберіндегі іс-шаралар әсер етті.

Статистика мынадай: 57 қылмыстық іс қозғалды, ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы («Балық аулау қағидаларын бұзу») бойынша әкімшілік тәртіппен 276 хаттама толтырылды. 3 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

4 тамыз, 00:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.