Атырау, 20 сәуір 17:45
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Министр карантин қандай жағдайда ұзартылатынын айтты

2 771 просмотра

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой карантин шараларын ұзартуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде жағдай тұрақталды. Стационарларда мыңдаған орын резервке қойылды. Бұрынғы жұмыс кестесіне, яғни жоспарлы емдеуге көшкен стационарлар да бар. Ал карантинді ұзарту немесе жеңілдету мәселесі жан-жақты зерделенеді. Негізгі көрсеткіш – науқастардың күнделікті өсімі.  

"Біз алдағы екі апта бойы осы көрсеткішті бақылайтын боламыз. Егер індетті жұқтыру көрсеткіші тұрақты түрде төмендейтін болса, онда шектеу шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары бар. Біз оны мемлекеттік комиссияның отырысында жариялаған болатынбыз. Ал осы көрсеткіштер нашарласа, онда басқа шешімдер қабылданады. Әзірше, оң динамика бар", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Айта кетсек, бүгін денсаулық министрі қиын кезеңнің артта қалғанын жариялады. Батыс Қазақстан, Алматы, Түркістан, Қостанай, Ақмола, Маңғыстау облыстары мен елордада жағдай жақсарып жатыр. 

"Қазақстанда коронавирусқа шалдығу жағдайы тұрақталды деп толық айта аламыз. Шарықтау шегі артта қалды. Ендігі мақсат – осы көрсеткішті ұстап қалу және төмендету", - деп атап көрсетті Цой.

3 тамыз 2020, 14:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.