Атырау, 16 сәуір 16:34
 ашықВ Атырау +16
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Бала үйден шығып, жоғалып кетті

3 309 просмотра

Жыл басынан бері Атырауда 21 жасөспірім жоғалып, бағына орай кейін табылған. Жоғалып кеткен ең кішкентай баланың жасы 3-те. Толығырақ «АЖ» материалында».

- Жыл басынан бері 15-17 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірімдер жоғалған 7 дерек тіркелген. Олар ата-аналарын ескертпей, үйден шығып кетіп, хабарласпаған. Бірнеше сағаттардан соң полиция оларды тауып, ата-аналарына тапсырды, - дейді Атырау қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ерлан БИҒАМБАЕВ.- Осындай фактілер бойынша 4 жасөспірімге құжаттар жинақталып, қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар құқығын қорғау комиссиясына жолданды. Сондай-ай 5 ата-ана ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша  әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көптеген жағдайда, балалар өз үйінің аумағынан шығып, адасып кетеді. Мәселен, 31 шілде күні Индерде полиция капитаны Алтынай ІЗМҰХАНОВА көшеде жылап жүрген балаға тап болған. Полиция дереу баланың ата-анасын іздестіруге кірісіп, мекен-жайын тапты. Сол кезде қатты қорқып қалған кішкентай Шыңғыс көп кешікпей өз отбасымен қауышты.  

23 шілдеде сағат 22:30 шамасында полицияға арызданған қала тұрғынынан 11-13 жастағы екі ұлы үш сағат бұрын үйінен шығып, қайта оралмағаны жөнінде хабарлама түсті. Полиция оларды Әлиев көпірінің маңында, достарымен суға түсіп жүрген жерден тауып алған.

- Екеуі де №2 қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 364 бабы (Тыйым салынған жерлерде шомылу) бойынша   әкімшілік хаттама толтырылды, – дейді Биғамбаев.

Жалпы, Атырау қаласында Жайық өзенінің белгіленбеген жерінде суға түскен жасөспірімдердің ата-анасына  қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 364 бабы бойынша 40-қа жуық  әкімшілік хаттама толтырылды.

Биғамбаевтың айтуынша, жыл басынан Атырау қаласында түнгі мезгілде қасында ата-анасы немесе  ересек туыстарының болмай үйден тыс жерде жүрген 700-ге жуық кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды. Олардың ата-анасына ҚР ӘҚБтК 442 бабы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Полиция қызметкерлері  балаларға қатысты оқыс  оқиғаларды болдырмау,  алдын алу мақсатында ата-аналарға кәмелетке толмаған балаларының бос уақытын қадағалап, бақылау қажет екенін ескертеді. 

Фархат ӘБІЛОВ

3 тамыз 2020, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.