Атырау, 25 сәуір 17:19
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Жақсылық Үшкемпіровпен қоштасу рәсімі бір жылдан кейін өтеді

4 931 просмотра

Даңқты спортшы, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровті жерлеу рәсіміне спортшының туыстары ғана қатысады. Бұл жайында мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Пандемияға байланысты және адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу мақсатында Жақсылық Үшкемпіровті жерлеу рәсіміне спортшының жақын туыстары ғана қатысады. Бастапқыда спортшымен қоштасу рәсімі Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді деп жоспарланды. Алайда қазіргі жағдайға байланысты марқұммен қоштасу рәсімі бір жылдан кейін өтетін болды", - деді министрліктің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Айта кетсек, кеше, 2 тамызда 70 жасқа қараған шағында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек ері, Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіров дүниеден өтті.

1980 жылы Мәскеу Олимпиадасынан кейін Жақсылық Үшкемпіровтің есімі Қазақстанның спорт тарихында алтын әріптермен жазылды. Ол –грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазақ. Спортшының қазасына байланысты Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және бірқатар мемлекет қайраткері көңіл айтты.

3 тамыз 2020, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.