Атырау, 29 наурыз 14:42
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Үйге қайтуға қорыққан: жоғалып кеткен 12 жастағы қыз неліктен көшеде түнегенін айтты

4 832 просмотра

Алматыда жоғалып кеткен 12 жастағы қыз үйіне оралуға қорқып, көшеде түнеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Портал мәліметінше, кешкі сағат 20:00 шамасында полицияға кәмелетке толмаған қыздың жоғалып кетуі туралы хабарлама келіп түсті. Баланың ата-анасының айтуынша, сағат төрттерде ол дүкенге барып, оралмаған.

"Бұл қыздың өмірі мен денсаулығы маңызды болды, сондықтан криминалдық полиция, ювенальды және патрульдік полиция қызметкерлерінен, учаскелік инспекторлардан құралған жедел іздестіру топтары құрылды. Жоғалған қыз оқып жатқан мектептің мұғалімдері де қолдан келген көмегін көрсетті. Оны іздеуге барлығы 50-ге жуық адам тартылды. Оқу орнында қыздың жағымды сипатта екенін, ертерек үйден шықпағанын және жағымсыз әдеттері болмаған, біз баланың жоғалып кетуіне себеп болар барлық нұсқаны қарастырдық. Қыздың әлеуметтік ортасы, аудан тұрғындарынан сұрау жүргізілді, бейнебақылау камераларының жазбалары қаралды. Жеке меншік секторда үйден алыс емес жерде қараусыз қалған, құрылысы аяқталмаған ғимараттар, биік шөптер бар екенін және түн болғанын ескеріп, ойымызға жаман ойлар ене бастады. Әрқайсымыз баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрғанын түсіндік, оның қауіпсіз және сау күйінде табылуы әрбір қызметкердің міндеті. Ауа-райының қолайсыздығына және түнгі уақытқа қарамастан, іздестіру топтары метр метрді қалдырмай, әр ғимарат пен қаңырап қалған жерлерді іздестірді", - дейді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Әлішер Тұрсынбетов.

Мақсатты іздестіру іс-шараларының нәтижесінде таңертеңге дейін қыз аман-есен табылды. Қорқып, тоңып қалған баланы полицейлер  ата-анасы күтіп отырған жерге алып барды. Кейінірек, кәмелетке толмаған бала дүкенге бара жатқанда достарын кездестіріп қалып, ойнап кеткенін мойындады. Үйге қайтуға қорыққан.

1 тамыз 2020, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.