Атырау, 29 наурыз 07:37
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қазаннан бастап ресейліктерге коронавирусқа қарсы жаппай вакцина салынады

2 851 просмотра

Ресейдің денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко коронавирусқа қарсы вакцинаны клиникалық сынақтан өткізу жұмыстары аяқталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

Министрдің айтуынша, бүгінде бұл препаратты тіркеу үшін құжаттар дайындалып жатыр.  

"Біз алдағы бір жарым-екі айда клиникалық зерттеулер жүргізуге рұқсат беру үшін кем дегенде екі өтінішті күтіп отырмыз", - деді министр.

Оның айтуынша, тіркеу куәлігін алғаннан кейін вакциналарды қолдану басталады. Ең алдымен, арнайы топтарға вакцина салынады екен. 

"Ең алдымен, медицина қызметкерлері мен мұғалімдерге салынады, сосын вакцина салынған науқастарға бақылау жүргізіледі", - дейді Мурашко. 

Министр ресейліктерге жаппай вакцина салу қазан айынан басталатынын айтты.  


1 тамыз 2020, 14:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.