Атырау, 20 сәуір 13:01
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қазақстанда карантиннен кейін бірінші кезекте қандай нысандар ашылады?

3 124 просмотра

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов онлайн-брифинг барысында карантиннен кейін бірінші кезекте ашылуы мүмкін кәсіпорындар тізімін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кәсіпкерлік субъектілерінің алдын ала тізбесі қалыптастырылды, олардың жұмысын карантин режимі аяқталғаннан кейінгі бірінші кезеңде қайта бастау жоспарланып отыр.

Оған сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, балаларды оңалту, білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары мен үйірмелер, секциялар, кезекші топтар режиміндегі мектепке дейінгі балалар мекемелері, сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар жатады. Әрбір нысан бойынша санитарлық режимнің нақты шаралары қабылданады", - деді Тоғжанов. 

Еске салайық, Қазақстанда 5 шілдеден бастап коронавирус пен пневмонияны жұқтырудың артуына байланысты қатаң карантин режимі қайтадан енгізілген болатын.

2 тамызда карантин режимі аяқталуы керек болған, алайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен оны тағы екі аптаға созды. 

30 шілде 2020, 17:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.