Атырау, 25 сәуір 08:56
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Тоқаевтың көмекшісі тағайындалды

3 145 просмотра

Ерлан Қарин президенттің көмекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі қызметінен босатылып, президентінің көмекшісі болып тағайындалсын",- делінген құжатта.

Ерлан Қарин туралы не білеміз

Ерлан Қарин 1976 жылы Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылында дүниеге келген. Мемлекет және қоғам қайраткері, саясаттанушы. Саясаттану ғылымдарының кандидаты.

Президент кеңесшісі қызметіне тағайындалғанға дейін "Қазақстан" арнасының басқарма төрағасы болған (2017 жылдан бастап).

1997 жылы тарих мамандығы бойынша Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, 1999 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің философия және саясаттану факультетін тәмәмдаған.

Ерлан Карин

Еңбек жолын орта мектепте тарих және география пәндерінің мұғалімі болып бастады.

Қазақстанның даму институтының Саяси зерттеулер орталығында қызметкер, Ресей және Қытай институтының директорының орынбасары, Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры, Маңғыстау облысының әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған. 

2008 жылдың ақпан айында Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Өткен жылдың сәуір айынан бастап Тоқаевтың кеңесшісі болды.


30 шілде 2020, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.