Атырау, 20 сәуір 09:46
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Орал тұрғыны өзеннің бойынан граната тауып алды

2 672 просмотра

27 шілдеде Орал жағалауында қолдан жасалған граната анықталды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД"

Антон есімді оқиға куәгерінің айтуынша, сол күні ол достарымен бірген Орал өзенінде Ескі Собор аймағында демалып отырған. 

"Жігіттердің бірі суда жатқан гранатаны көрді. Ол бізге "абай болыңдар" деп, өзі полицияға хабарласты. Сосын полицейлер келіп, гранатаны алып кетті", - дейді ол. 

Полиция департаменті бұл деректі растады. 

"27 шілдеде Орал өзенінің жағасынан жергілікті тұрғындардың бірі гранатаға ұқсас затты тауып алды. Мамандар қауіпсіздік шарасын сақтай отырып құрылғының көзін жойды", - дейді БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері.
30 шілде 2020, 15:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.