Атырау, 29 наурыз 11:45
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Ресейде әйелі күйеуінің мәйітін бөлшектеп тастаған

2 723 просмотра

Санкт-Петербургтағы пәтерлердің бірінде украиналық рэпер Энди Картрайттың мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Neva.Today интернет газетіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметке сәйкес, Versus Battle бағдарламасының қатысушысы Энди Картрайт төрт күн бұрын есірткіні шектен тыс пайдалану салдарынан қайтыс болған. Оның бөлшектенген мейіті Невск даңғылында орналасқан пәтердің тоңазытқышынан табылған.

Энди Картрайттың мейітін бөлшектеп тастады деген күдікпен оның әйелі қамауға алынды. Полицияға түсінік берген әйелі күйеуінің есірткіден қайтыс болғанын айтқан. Ол жұбайының өлімін қаламаған. Тек оның мәйітін жасырмақ болған.

Пәтерде полиция пышақ, балға, қол ара, тегене мен тақтаны тәркілеген. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралып жатыр.

Айта кетейік, Энди Картрайт ресейлік Versus Battle бағдарламасына қатысып, танымал болған.


30 шілде 2020, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.