Атырау, 20 сәуір 18:10
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Атырауда карантиндік стационарлар жабылады

2 931 просмотра

Атырауда карантиндік орындар жабылады. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек ҚАБДЫҚАПАРОВҚА сілтеме жасап хабарлады.

- Қазір карантиндік орындар жабылады. Провизорлық, инфекциялық станционарлар қалады. Эпидемиологиялық ахуалдағы оң өзгеріске байланысты негізгі күш емханалардағы мобильді топқа түседі. Бастапқыда құрылған 61 мобильдік бригада саны қазіргі уақытта 77-ге дейін көбейді. Мобильді топтың саны алдағы уақытта толыға түседі, - деп атап өтті Нұрлыбек Қабдықапаров. 

Еске салсақ, шілде айының басында облыста 2328 карантиндік орын, оның ішінде «Береке» ықшам ауданындағы көп пәтерлі үйлер, Атыраудағы оқу орындарының жатақханалары болды. Өздерімен бірге Covid-19 туралы анықтамасы жоқ халықаралық рейстердің жолаушылары сол жерге жіберілді. Облыстық аурухананың медицина қызметкерлері мен пациенттері сол жерде карантинге алынды және т.б. Жалпы алғанда, облыс бойынша тек 100 карантиндік орынды қалдыру жоспарланып отыр.

Еске салсақ, Атырауда пандемиямен күреске 2000-нан астам медициналық қызметкер жұмылдырылды. Сонымен бірге, жақында Атыраудың медицина саласы 55 жас маманмен толықты. Тамыз айынан бастап тұрғындарға біртіндеп жоспарлы медициналық көмек көрсетуді жалғастыру жоспарланған. Наурыздан бастап медицина мекемелерінің көпшілігі коронавируспен күреске жұмылдырылды. Алдымен №2 көпбейінді аурухана (Нұрсаядағы) науқастарды емдеуге толықтай көшті. Содан кейін Авангардтағы облыстық аурухана уақытша жұқпалы аурулар стационарына бейімделді. Шұғыл көмек қажет еткен пациенттерді теміржол ауруханасына жіберді. Тұрғындарға жоспарлы және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету уақытша тоқтатылды. Тамыз айында жоспарлы медициналық көмек республикалық клиникалардан бастап біртіндеп көрсетіле бастайды.

- Біз пациенттерді Алматы мен Нұр-Сұлтандағы емханаларға әзірлеп, жіберіп жатырмыз, - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Жергілікті стационарларда да тиісті дезинфекциялау жұмыстарын жүргізгеннен кейін қайтадан бейінді және жоспарлы кереуеттерді ашу жоспарланған.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

30 шілде 2020, 13:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.