Атырау, 29 наурыз 01:01
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Атырау» ӘКК дәрі-дәрмекпен қамтуды қолға алды

3 056 просмотра

Жыл соңына дейін облысқа «Атырау» ӘКК арқылы 4 миллион 800 мың дана медициналық мақсаттағы бұйымдар мен дәрі-дәрмектер түсуі тиіс. Бұл мақсатқа 500 миллион теңге бөлінді.

Енді «Атырау» ӘКК азық-түлікпен ғана шектелмейді. Корпорация күшімен Атырау облысының дәрі-дәрмектері мен медициналық бұйымдарының тұрақтандыру қоры құрылды.

- «Атырау» ӘКК-нен дәрі-дәрмектерді сатып алу өкілеттігі өткен аптада ҚР Премьер-Министрінің хаттамалық тапсырмаларын орындау аясында пайда болды. Атырау облысындағы тұрақтандыру қоры үшін вирусқа қарсы препараттар Ресейден сатып алынып, «Теңізшевройл» ЖШС ұсынған ұшақпен шұғыл жеткізілді. Бұл сомаға қосымша 900 мың дана медициналық мақсаттағы бұйымдар мен дәрі-дәрмектер түрінде азайтылмайтын қалдық құрылады. Бүгінде Атырау облысына жалпы сомасы 240 миллион теңгеге 688 мың медициналық бұйымдар жеткізілді. Олардың бір бөлігі Атырау, Жылыой және Индер аудандарының дәріхана желілеріне таратылды. Жақын арада дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдар облыстың басқа аудандарына да жеткізіледі, - деді ӘКК баспасөз қызметі.

500 млн теңге көтерме жеткізушілердің айналым қаражаттарын толтыру үшін несие түрінде ұсынылды. Бұл кейіннен халыққа ҚР Үкіметі белгілеген шекті рұқсат етілген бағадан аспайтын бағамен сату үшін қала және облыс аудандарының дәріхана желілеріне тарату шартымен берілді. Өңірдегі барлық дәріхана желілері мен дәріханалар өтінішпен «Іңкәр» ЖШС-не жүгініп, халыққа сату үшін дәрі-дәрмектерді қолайлы бағамен ала алады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

30 шілде 2020, 12:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.