Атырау, 25 сәуір 19:29
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қазақстанның қай өңірлерінде жол апаты жиі болады

2 974 просмотра

2020 жылдың қаңтар-маусым айларында республикада 5,3 мың жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 25,8% аз, деп хабарлады ranking.kz. 

Алматы қаласында жол-көлік оқиғалары көп тіркелген, елдегі барлық жазатайым оқиғаның 23,6% құрайды. 

Екінші орында Алматы облысы тұр: 802 жол-көлік оқиғасы болды, бір жыл ішінде 28,2% азайған. 

Үшінші орында – Жамбыл облысы: 447 жол-көлік оқиғасы тіркелді, 25,3% азайған. 

Алты айдың қорытындысы бойынша жол апаттарынан 7,7 мың адам жарақат алды, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 25,5% аз. Ал жарты жылда 712 адам жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқан. Жол апаттарынан зардап шеккендер Алматыда көп болса, Алматы облысында өлім жағдайлары көп тіркелген.

Дереккөз: 24.kz

30 шілде 2020, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.