Атырау, 29 наурыз 17:07
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Шұңқырда өлген бала туралы іс тоқтатылды

3 682 просмотра
"АЖ" мұрағатынан алынған сурет

Жұлдыз ықшамауданында септикке түсіп мерт болған сәбидің өліміне қатысты қозғалған іс қылмыс құрамы жоқ болғандықтан тоқтатылды.

Естеріңізге салсақ, бұл оқиға 20 мамырда қала маңындағы Жұлдыз ықшамауданында болды. Жоғалып кеткен бір жарым жасар баланы полиция мен еріктілер екі тәуліктей іздеді. 22 мамырда сәби өз үйінің ауласында қолданылмай тұрған кәріз септигінен өлі табылды.

«АЖ»ға Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, 2018 жылғы кәмелетке толмаған А.А. суға батып, механикалық тұншығу салдарынан көз жұмған.  Оның денесінен дене жарақаттары табылмады. 

19 шілдеде қылмыстық құқықбұзушылық құрамы болмағандықтан баланың өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Полиция департаменті сараптама қорытындысының карантин салдарынан осыншама ұзақ дайындалғанын тілге тиек етті. 

Айнұр САПАРОВА

29 шілде 2020, 17:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.