Атырау, 19 сәуір 09:11
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Элеваторныйдағы көлік кептелісі

Бейнежазба
3 290 просмотра
Бейнежазбадан алынған кадр

Бүгін, 29 шілдеде таңмен Атыраудан шығар жол жабылғаннан кейін Элеваторный ықшамауданы жақтағы жол бойында жүздеген көлік шоғырланған кептеліс пайда болды. Естеріңізге салсақ, бүгіннен бастап 11 тамызға дейін көлік жолын жөндеуге байланысты Амандосов-Берғалиев қиылысындағы (айналма жол маңы) көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Бұл кептелістен жүргізушілер өтіп те кете алмайды, кері де шыға алмайды. Қалалық әкімдік қалаға Элеваторный ықшамауданы жақтан кіруге болады деп болжаған еді. Алайда жол енсіз болғандықтан ол жақта да жол қозғалысы қиындап кеткен.

Полиция департаменті хабарлағандай, сол жерле жол-патрульдік қызметкерлер жұмыс жасауда. Бірақ кептеліс әзірге азаймай тұр.

Фархат ӘБІЛОВ

«АЖ» оқырмандары жолдаған бейнежазба

29 шілде 2020, 15:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.