Атырау, 25 сәуір 02:03
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 11 млрд теңгеден асты

2 625 просмотра

1 шілдедегі жағдай бойынша салымшылардың зейнетақы жинақтары 2020 жылғы қаңтар-маусымда 986,0 млрд теңгеге немесе 9,1% ұлғайып, 11 786,5 млрд теңгені құрады. 

2020 жылғы қаңтар-маусымда зейнетақы активтерін инвестициялаудан түсетін таза кіріс 543,3 млрд теңгеге, 2020 жылғы 1 шілдеде 4 877,0 млрд теңгеге дейін ұлғайды. 

Салымшылардың міндетті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ есептегенде) 2020 жылғы 1 шілде 10,9 млн шотты құрады. 

Зейнетақы төлемдерінің сомасы 2020 жылғы қаңтар-маусымда 82,2 млрд теңгені құрады. 2020 жылғы 1 шілдеде БЖЗҚ-ның жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары және ҚР эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары алады (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінен тиісінше 41,8% және 26,9%).

Дереккөз: 24.kz

29 шілде 2020, 15:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.