Атырау, 28 наурыз 19:23
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Тіркелмеген 25 қару тапсырылды

3 024 просмотра

Полиция 1 шілдеде бастаған заңсыз сақталудағы атыс қарулар, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды алу акциясын жалғастыруда. Қазір жергілікті тұрғындар 25 атыс қару мен 104 оқ-дәріні тапсырған. Ал ерікті түрде қару-жарақ, оқ-дәріні тапсырғандар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады және ақшалай сыйақы алады.

- Акция мақсаты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруларын қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, -  деп атап өтті Атырау облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ.

Атырау облысы бойынша қаруларды ерікті түрде тапсырғандарға республикалық бюджеттен 2 млн 831 мың теңге қаралған. Бұл ретте тұрғындарға бұрын хабарланғандай, полиция бөлімшесіне қару тапсыруға барудың қажеті жоқ, тек «102» операторына немесе 98-23-23, 98-21-55, 98-22-05 телефондары арқылы хабарласса болғаны, полиция өкілдерінің өзі-ақ келеді.  

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

28 шілде 2020, 20:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.