Атырау, 20 сәуір 09:31
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Мемлекеттік қызмет пен жеке бизнесті шатастырып алды

3 133 просмотра

16 шілдеде №2 қалалық сот Атырау облысының көліктік бақылау инспекциясының бұрынғы басшысына үкім шығарды. Естеріңізге салсақ, маусымның басында ол қызметтік лауазымын асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған болатын.

Айыптау қорытындысына сәйкес, инспекция басшысы ЖШС бірінің мүддесіне айтарлықтай зиян келтіріп, сонымен қатар өзінің ұлына тіркелген жеке кәсіпкерлікті басқаруға заңсыз қатысып, осы шаруашылық субъектісіне артықшылықтар берген.

Сот оны өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырып, 1,2 миллион теңге айыппұл салды.

Айнұр САПАРОВА

18 шілде 2020, 14:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.