Атырау, 29 наурыз 18:56
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

123 медицина қызметкері 2 миллион теңге көлемінде өтемақы алады - министр

2 927 просмотра

Коронавирус жұқтырған медицина қызметкерілерінен 123 өтініш түскен. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

"Бұл өтемақы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен төленеді. Өтемақыны төлеу операторы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры болып саналады. Ол біздің министрлікке қарайды. Ал өтемақыға өтінішті өңірлердегі денсаулық сақтау басқармалары береді", - деді министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, 6 өңірдегі денсаулық сақтау басқармаларынан комиссияға 123 өтініш түскен.

"Ережеге сәйкес, өтінішті 3 күнде қараймыз. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан оларға 2 миллион теңге беріледі. 123 өтініштің арасында коронавирустан қайтыс болған медицина қызметкерілері туралы өтініш жоқ. Әзірше оларға қатысты өтініш түскен жоқ", - деді Нұрымбетов.

Медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған жағдайда, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2 миллион теңге, қайтыс болған жағдайда 10 миллион теңге берілуі керек.

Айта кетейік, осыған дейін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлерінің өтемақысы туралы сұраққа жауап беруге қиналғаны хабарланған еді

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 65188-ге жетті. 39 066 науқас жазылды, 396 адам қайтыс болды.


16 шілде 2020, 16:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.