Атырау, 28 наурыз 14:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Суға түспеген жөн-ау

2 976 просмотра

Шілденің аптап ыстығында өзеннің суына бір сүңгіп шыққың-ақ келеді. Бірақ бас санитар дәрігер қоғамдық орындар мен «арнайы жабдықталмаған орындарды» айтпағанда, жағажайға баруға тыйым салды. Қала тұрғындарының көбі бұл шектеуге немқұрайлы қарайды. Тек бір күннің өзінде, 14 шілдеде атыраулық полиция тексеру кезінде ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы («Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу») бойынша 20 хаттама толтырды.  

Суға түсу маусымының басынан бастап осы бап бойынша 200-ге жуық адам жауапкершілікке тартылды. Біріншісінде ескерту берілсе, екіншісінде – аqыппұл салынады.

- Жан-жақты ескерту жасалғанымен, азаматтар өзенге суға шомылуды тоқтатар емес. Көбіне жеке қауіпсіздік шараларын сақтамағандықтан қайғылы оқиға орын алып жатады, оның үстіне суға түсуге балаларды бірге алып жүретіндер бар, - дейді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.  

Естеріңізге сала кетсек, суға түсу маусымы басталғалы бері біздің өңірде 12 адам суға батып кетті, оның екеуі бала.

Айнұр САПАРОВА

16 шілде 2020, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.