Атырау, 29 наурыз 15:28
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Атырауда күмәнді «емшілер» коронавирустан емдемек болған

3 445 просмотра

Атырауда полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өздерін дәрігерміз деп, коронавирустан емдеуге кірісіп, лицензиясыз дәстүрлі емес медицинамен айналысқан адамдарды ұстады. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шара барысында жарамдылық мерзімі асып кеткен дәрі-дәрмектер анықталып, тәркіленді. Осы дерек бойынша тексеру жүргізілуде.

Естеріңізге салсақ, WatsApp мессенджерінде Атыраудағы «қытай медицинасы» туралы бейнежазба таралды: дәрігер антисанитариялық жағдайда коронавирусқа «қарсы» инъекция жасайды.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл «клиникада» медициналық білімі жоқ адамдар (ҚХР-лық этникалық қазақтар) ем жүргізген. Сонымен қатар, бұл жерде дәстүрлі емес медицинаны (ине терапиясы, массаж) лицензиясыз жүзеге асырған. Тексеру барысында Қытайда шығарылған, жарамдылық мерзімі өткен, тіркелмеген дәрі-дәрмектер табылды.

Осыған орай, Атырау облысының Бас мемлекеттік санитар дәрігері Сәдуақас БАЙҒАБЫЛОВ тұрғындарды коронавирустан емделу үшін әзір күмәнді дәрігерлердің қызметіне жүгінбеуге шақырды.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

16 шілде 2020, 11:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.