Атырау, 20 сәуір 15:59
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қазақстандықтар кредитті шегеру "процентіне" шағымданды - министрлік жауабы

5 009 просмотра

Әділет министрі Марат Бекетаев банктен кредит төлеу мерзімін шегеруді сұраған қазақстандықтарға министрлік қандай көмек көрсеткенін айтты.

Министр осы мәселеге қатысты көптеген өтініш пен шағым түскенін растады. Ол Әділет министрлігі банк алдындағы қарызды шегеру ісімен айналыспайтынын жеткізді.

"Әділет министрлігі не істей алады? Карантин басталғанда, мұндай істер жеке сот орындаушыларына жеткен кезде,  оларға шоттарды бұғаттау бойынша қатаң шара қолданбау тапсырылды. Бұл тұрғындарды шектемей, қажет заттарды онлайн сатып алуына мүмкіндік беру үшін жасалды", - деді министр.

Марат Бекетаев төтенше жағдай кезінде сот орындаушылар қатаң шараларды қолданбағанын және бұғатталған мүлікті сатудың аукциондық пулы тоқтатылғанын айтты.

Наурызда карантин енгізілген соң Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық банк иелеріне үндеу жасаған болатын. Ол осы кезеңде тұрғындардың кредит төлеу мерзімін шегеруді сұрады. 

Екінші деңгейлі барлық банктер мұндай мүмкіндік жасады. Алайда шегеру мерзіміне процент есептелді. Банктердің мұндай шешімі жұрттың наразылығын тудырды.

Дереккөз: sputniknews.kz

16 шілде 2020, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.