Атырау, 29 наурыз 20:43
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Алматыда маскасыз жүргендерге 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынды

3 328 просмотра

Алматыда маскасыз жүрген тұрғындарға 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мониторинг тобы рейд жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Рейдтер 5 шілдеде тамақтану орындарында, базарларда, қоғамдық орындарда және қоғамдық көліктерде басталған. Осы уақыттан бастап департамент мамандары маска режимін бұзғаны үшін 165 адамды әкімшілік жауапқа тартқан. Әрқайсына Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы 1-бөлігін бұзғаны үшін хаттамалар толтырылған. Бұл бапта 30 АЕК - 83 340 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған. Қалалық автобустарда да рейдтер жүргізілген.

"Шілденің 5-і мен 14-і аралығында мониторинг тобы Әуезов және Алатау аудандарындағы қоғамдық көлікті тексерді, қоғамдық көліктерде маска режимін бұзғаны үшін 4 жолаушы 425-баптың 1-бөліміне сәйкес жауапқа тартылды, № 102, 115, 48 маршруттарында жолаушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - деді Алматы қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
15 шілде 2020, 20:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.