Қазақстандық студент қызды зорлаған ресейлік полицейлер сотталды

2 306 рет қаралды

Ресейде 22 жастағы қазақстандық студент қызды зорлаған полицейлер сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жәбірленушінің адвокаты Алексей Бушмаковқа сілтеме жасап. 

Студент қызды қызметтік көлікте зорлаған үш полицейге үкім шықты. 

"Екатеринбургтің үш полиция қызметкеріне Ленин аудандық соты зорлау және басқа да сексуалдық сипаттағы әрекеттері үшін айыптау үкімін шығарды: Мұстафин - 6 жыл 6 ай, ал Тропин мен Бессарабов - 6 жылға сотталды", - деп түсіндірді Бушмаков.

Свердлов облысы бойынша ІІМ басқармасы мәліметінше, одан бөлек 17 полицей жазаланды.

Оқиға 2019 жылдың 18 тамызында болған. Екатеринбургте тұратын қазақстандық студентті полиция қызметкерлері ұстап, алайда хаттама толтырмаған. Тергеу барысында қызды күШтеп көлікке отырғызып, гараж кооперативіне апарып, кезекпен зорлаған. 


15 шілде, 17:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.