Атырау, 29 наурыз 18:04
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Депутат мәйітханада болған сұмдық жағдайдың себебін айтты

4 989 просмотра

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева Facebook-тегі парақшасында Орал қаласындағы мәйітханада марқұмдардың денесі екі ай бойы жатқанын хабарлады. Қала тұрғындары иіске шағымданып, депутаттан көмек сұраған.

Имашева Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Айдар Нұралиев мәйітханадағы жағдай бақылауға алынғанын айтты деп отыр. Бұл мекеме жергілікті билікке қарасты емес. 

Жағымсыз иістің себебі анықталды. Мәйітханада тоңазытқыш істен шыққан.

"Мәйітханадан марқұмдардың денесі дер кезінде шығарылмаған. Бұл істі Орал әкімдігі бақылайды. Жақындары алып кетпегендерді жерлеумен "Талап" АҚ айналысуы тиіс. Бірақ олармен келісімшарт мерзімі өтіп кеткен. Сондықтан ешкім әкетпей жатыр", - деп жазды депутат.

Екі мәйіт 16 және 26 маусымда түскен.

"Бүгін жерленді. Жауапты тұлғалардың сылбырлығы осындай жағдайға себеп болды. Қарапайым адамдарға қолайсыздық тудырды", - деді депутат.

Дереккөз: sputniknews.kz

15 шілде 2020, 16:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.