Сәуле Қисықова жаңа қызметке тағайындалды

1 316 рет қаралды

Сәуле Қисықова президент іс басқармасының медициналық орталығы басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол бұл лауазымды ресми түрде 14 шілдеден бастап атқарады. 

Еске салайық, бұған дейін Сәуле Қисықованың басқа қызметке кетуіне байланысты босатылғаны хабарланған еді. 

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін орынбасары Әлия Рүстемова атқарады.

Сәуле Қисықова 1963 жылы 22 шілдеде туған. Алматы мемлекеттік медициналық институтын аяқтаған. Медицина ғылымдарының докторы, іскерлік әкімшілік магистрі.

2019 жылдың тамызында Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы қызметіне тағайындалған. 

15 шілде, 16:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.