Атырау, 20 сәуір 16:44
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Ауаны кім ластайды?

3 149 просмотра

Атырау облысының прокуратурасы жергілікті билік органдарына күн сайын түнде ауа сынамаларын алуды және ауа ластаушыларды табуды тапсырды.

- 2-14 шілде аралығында Атырауда күкіртсутегінің ауа құрамында нормадан тыс асқаны тіркелді, - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. – Прокуратура органдары автоматты ауа бақылау станцияларының мәліметтерін зерделеу нәтижесі бойынша Экология департаментіне, «Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалына, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мен жергілікті атқарушы органға күн сайын түнгі уақытта ауа сынамаларын алу, шығарынды көздерін анықтау және кінәлі тұлғаларға қатысты заңда көзделген шараларды алуды тапсырды.

Осы шаралардың орындалуы Атырау облысы прокуратурасының бақылауына алынған.

Естеріңізге салсақ, соңғы кездері қала тұрғындары ауаға жайылған жағымсыз иіс туралы жиі шағымданатын болды.

Фархат ӘБІЛОВ

15 шілде 2020, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.