Атырау, 16 сәуір 19:07
 бұлттыВ Атырау +15
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Қырғызстан президентінің үстіне елдегі коронавирус жағдайына байланысты арыз түсті

2 512 просмотра

Қырғызстан президенті Сооранбай Жээнбековтің атына елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты жауапкершілікке тарту туралы арыз түсті, - деп хабарлайды Kaktus.media.

Республиканың Бас прокуратурасының мәліметінше, 13 шілдеде Раушан Айтқұлова есімді азаматшадан Жээнбеков пен басқа да жоғары шенді шенеуніктерді елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты арыз түскен. 

"Арыз прокуратураның жалпы бөлімінде тіркелді", - делінген ведомство хабарламасында. 

Бұған дейін Раушан Айтқұлова әлеуметтік желіде ел президентін жауапкершілікке тарту керегін айтып, импичментке қол жинай бастаған. Оның айтуынша, петицияға 2,5 азамат қол қойған. Президент әкімшілігі әзірге Айтқұлованың арызына пікір білдірмеді. 

Соңғы мәліметтер бойынша, Қырғызстанда коронавирус жұқтырған 11,5 мың адам анықталған. Оның ішінде 4995 адам аурудан аығып, жалпы 149 адам қайтыс болған.

15 шілде 2020, 09:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.